Еліміздің төрт әскери горнизонда 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған

15:57, 4 шілде 2022

© Сурет: Zakon.kz

Бас әскери прокуратура әскери мүліктің тоналғанын мәлімдеді. Сегіз қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүріп жатқанын атап өтті.

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды.ҚР Бас әскери прокуратурасы

Қадағалаушы орган тергеуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүргізетінін мәлім етті.

Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!