Еліміздің солтүстік аймақтарында көктайғақ болады

07:00, 22 сәуір 2017

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде толассыз жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте көктайғақ болады.

Солтүстік  Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде желдің екпіні 23м/с болып, жекелеген аудандарында көктайғақ болады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!