Еліміздің 3 облысында жол жабылды

12:03, 21 қаңтар 2017
351

СҚО-да барлық бағыттағы жол жабылды. Өңірде ауа райы бұзылып, жел екпіні күшеюіне байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Сонымен бірге «Жезқазған-Петропавл» жолының 340 шақырымындағы Арқалық қаласынан бастап 595 шақырымдағы СҚО шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлері үшін жол жабық. 

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 108-260 шақырымында да көлік қозғалысы да жабылды. 

Ақмола облысы аумағында ауа райының қолайсыздығынан «Екатеринбор-Алматы» жолының 856-1006 шақырымындағы СҚО шекарасы мен Атбасар қаласы учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!