Еліміздің кейбір жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін

07:00, 25 маусым 2017
689

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, жел күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың оңтүстік-батысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейді. Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік  Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Күндіз Алматы облысында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!