Еліміздің екі өңірінде блок-бекеттер қойылды
Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің шешімдеріне сәйкес, еліміздің екі аймағына төрт блок-бекет пен екі санитарлық пост құрылды. Полиция 299 карантиндік нысанды қоршауға алды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Sputnik хабарлағандай, блок-бекеттер Атырау облысында, санитарлық посттар Ақтөбе облысында орнатылған.
Медициналық мекемелердің сұрауы бойынша, тәртіп сақшылары ауру жұқтырған адаммен байланыста болғандарды іздеп, табады.
Денсаулық сақтау органдары және әкімдік өкілдерімен 50 мыңнан астам рейдтер жүргізілді, оның ішінде қызмет көрсету саласына да.
- 28 мыңнан астам карантин шектеулерін бұзу фактісі анықталды, оның ішінде 4600-ден астамы - сауда орталықтарына, дүкендерге, базарларға мейрамханаларға, кафелерге тиесілі және 1700-і - басқа да бос уақытты өткізу мекемелерінде , - деді Тұрғымбаев.
Олардың басым бөлігі Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматыда тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:06, 23 сәуір 2024
Елена Рыбакина Мадридке барды: Мен өзіме сенемін
-
16:54, 23 сәуір 2024
Алматылықтар жолдағы шұңқырларды жою үшін суреттерді қайда жіберуі керек
-
16:31, 23 сәуір 2024
Жалпыға бірдей декларациялау бойынша не білуіміз керек
-
16:17, 23 сәуір 2024
Алматыда алдағы үш күн бойы жаңбыр күтілуде
-
15:57, 23 сәуір 2024
23 сәуірдегі түскі саудада доллар одан әрі құлдырады