Еліміздің екі облысында 45 градус ыстық болу ықтималдылығы болжанды

09:58, 12 шілде 2019

Алдағы демалыс күндері еліміздің екі өңірінде аптап ыстық болуы болжанды деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасап, Zakon.kz.

Ауа-райы болжамы үш күнге жасалған. Әсіресе, Қызылорда және Ақмола облысының кей жерлерінде аптап ыстыққа байланысты қауіп-қатерден сақтану ескертілді.

12-14 шілде күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады. 12 шілдеде Ақмола облысының басым бөлігінде, 13-14 шілде күндері де мұнда сынап бағанасы 35-38 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!