Еліміздің батыс өңірінде сынап бағаны 30 градусқа дейін төмендейді

11:06, 18 қаңтар 2021
308

Қазақстанның батыс өңірінде күн күрт суытып, аяз болатыны болжанады, деп хабарлайды zakon.kz.

Метеорологтар 19-21 қаңтарға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың батысында күн суытып, сынап бағаны минус 30-ға дейін төмендейді.

Солтүстік-шығыс бағытқа бет алған Каспий теңізінің үстіндегі оңтүстік циклон жауын-шашын шақырып, желдің күшеюіне әкеліп соғады. Соның салдарынан еліміздің слтүстік өңірде боран ұйытқып, оңтүстігінде көктайғақ болады. Алайда 21 қаңтардан бастап антициклон лебі еліміздің батыс аймақтарына жетіп, жауын-шашын тоқтайды, ауа температурасы түнде 22 ... 30 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!