Еліміздің басым бөлігінде желдің әсерінен шаң борайды

07:00, 24 сәуір 2017
494

Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады.

Күн ашық болғанымен, жел күшейіп, кейбір аймақтарда шаң көтеріледі.

Республиканың батысында және шығыс-батысында ауа ағынының әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауады.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, ал күндіз  Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жел күшейіп, 15-20 м/с жел соғады. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында оның жылдамдығы  25 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!