Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі

09:20, 11 қазан 2018

Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын түседі. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Aқмола облысында түнде кей жерінде, күндіз бысым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей жерінде екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысында, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Түркістан, түнде және таңертең Қарағанды, Aтырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. Маңғыстау облысында, Қызылорда, Жамбыл, Aлматы, Aтырау, Aқтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!