Еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады

09:21, 21 ақпан 2018

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып тұрады, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20, екпіні 23/28, оңтүстік-батыс облыстарда 30 м/с асады.

Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел күшейеді –15-23 м/с.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің күші 15-25 м/с жетеді, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!