Еліміздегі ең криминалды бес өңірдің аты аталды: Алматы, Алматы облысы...

16:51, 28 қаңтар 2020

Қылмыс көп жасалған аймақтар көшінде Алматы, Алматы облысы, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында елімізде 230 мың қылмыстық жасалған. Оның 53% немесе 123 мыңы осы бес өңірге тиесілі, деп хабарлайды baq.kz.

Бұл рейтингтің басында Алматы қаласы тұр. Елімізде тіркелген әр бесінші қылмыс осы қалада тіркелген. Жалпы Алматыда 50 мың қылмыс тіркеліпті, оның 33 мыңы – ұрлық, 10,7 мыңы – тонаушылық.

Екінші орында Алматы облысы тұр, онда 21 мың қылмыс тіркелген.

Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы – 18 мың, ШҚО – 17 мың, Қарағанды облысында 15 мың қылмыс тіркелген.

Ең жайлы өңір Маңғыстау облысы болған, онда 4 мың қылмыс тіркелсе, Қызылорда облысында – 5 мың, Атырау облысында – 6 мың. Заң бұзу бойынша алғашқы орында ұрлық тұр – 130 мың жағдай тіркелген, екінші орында – тонау, үшінші орында экономикалық қылмыстар – 1 мың жағдай.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!