Елімізде тұмаудың жаңа екі түрінің таралу қаупі бар

16:27, 19 қыркүйек 2018

Былтыр елімізде тұмаудың «Мичиган» және «Гонконг» түрлері кездессе, биыл олардың қатарына тағы екі «Сингапур» мен «Колорадо» деген түрлері қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүгінде тұмауға қарсы вакцина салдырушылардың саны артып келеді. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығының өкілі Айнагүл Қуатбаева хабарлады. Маманның айтуынша, 2017-2018 жылғы эпидемиологиялық маусымда 2 миллион 200 мыңннан астам адам егпе жасатқан. Бұл Қазақстан халқының 12,3%-ы.

Ал алдыңғы маусымда 1 миллион 900 мың адамға вакцина салынған екен. Осы жылы тұмауға қарсы вакцинаның 1,5 миллион дозасы әзірленген. «Бірақ вакцинаны оңды-солды сала беруге болмайды. Сондықтан міндетті түрде дәрігермен ақылдасу керек», - дейді мамандар.

- Тауық белогына аллергиялық реакциясы бар азаматтарға вакцинаны салуға болмайды. Одан басқа вакцина салу кезінде әртүрлі жұқпалы ауруларыңыз болса, өте жоғары дене қызуы көтерілген кезде, сонымен қатар созылмалы аурулардың асқынуы кезінде бұл вакцинаны жасауға болмайды. Вакцина салғаннан кейін 14-21 күннің ішінде иммунитет қалыптасады. Әрине, осы уақыттың ішінде вакцина алғаннан кейін көпшілік ортаға бармағаныңыз дұрыс, - дейді Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ҒТО бөлім бастығы Айнагүл Қуатбаева.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!