Елімізде теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды

13:47, 18 қаңтар 2021

Қазақстанда облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттары үшін теміржол билеттерінің бағасы өседі, деп хабарлайды zakon.kz.

Баға 1 наурыздан бастап қымбаттайды.

2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% - ға артады, делінген ұлттық компания хабарламасында.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығын еске салады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!