Елімізде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті

12:38, 23 қаңтар 2020

Ауа-райының қолайсыздығынан көліктердің жолда қалып қою оқиғасы жиілуіне байланысты полиция қызметкерлері мен құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) еліміздің 9 облысының 48 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты республиканың барлық аумағында ескерту жарияланды.

ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша полиция қызметкерлері мен ТЖ қызметінің қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қажетті жедел көмек көрсету үшін күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

ҚР ІІМ қазіргі уақытта автожолдардағы жағдай өте қолайсыз екенін ескертеді және азаматтардан жолға шығудан бас тартуды сұрайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!