Елімізде Ораза айт мейрамы басталды

06:00, 25 маусым 2017

Жиырма тоғыз тәулікке созылған айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан аяқталып, әлемдегі барлық мұсылман қауым үшін Ораза айт мейрамы басталды. Осыған орай таңмен таласа еліміздің барлық мешітінде айт намазы оқылды.

Бұл күні жамағат айт мейрамын тойлап, осы күнге аман-есен жеткендеріне шүкіршілік етіп, бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді. Алдағы үш күнде әрбір мұсылманның шаңырағында дастарқан жайылып, қонақтар шақырылады. Бұл күндері қайырымды іс жасаған әрбір мұсылманға үлкен сауап жазылады. Сонымен қатар жоқ-жітік пен жетім-жесірге қол ұшын созған дұрыс. Себебі қасиетті Рамазан береке мен бірлік, қайырымдылықтың айы болса, Ораза айт адамдардың жан дүниесін қуанышқа бөлейтін ұлық мереке деп саналады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!