Елімізде 83 мыңнан астам жасөспірім қыз АПВ вирусына қарсы екпе алды

10:29, 11 желтоқсан 2024

© Фото: freepik

Қазақстанда 83 мыңнан астам қыз адам папилломавирусына қарсы вакцинацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

АПВ — бұл көптеген қатерлі ісіктердің, соның ішінде жатыр мойны обырының дамуымен байланысты ең көп таралған вирустардың бірі. Қазақстанда жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші және фертилдік жастағы (25-44 жас) әйелдердің өлімінің екінші себебі болып табылады.

Петропавловск.news мәліметінше, Ұлттық канцер-тіркелімінде Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 2 мыңға жуық жағдайы анықталатыны және 600-ден астам әйелді құтқару мүмкін болмайтындығы айтылған.

ҚазОРҒЗИ зерттеуінің нәтижелері бойынша жатыр мойны обырының 74,2% жағдайында биопсиялық зерттеуде АПВ вирусының 16 және 18 онкогендік түрлері анықталады.

"Қазақстанда екпелер мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша вакцинация тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін. Вакцинацияланғандардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ",-деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жатыр мойнының ісікке дейінгі зақымдануын төмендетуде вакцинацияның тиімділігі АҚШ, Австралия, Канада, Дания, Ирландия, Швеция, Финляндия, Жаңа Зеландия, Шотландия сияқты елдерде жоғары нәтиже көрсетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!