Елімізде күн күрт жылынады

12:48, 28 қазан 2020
625

"Қазгидромет" РМК 29-31 қазанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының көп бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалында болады. Ауа-райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады, тек шығыста жаңбыр жаууы күтіледі, сол секілді республикамыздың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында да жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болады. Әсіресе, еліміздің шығысы және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасындатады, тұман, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды синоптиктер.

Ал ауа температурасы, керісінше, жоғарылайды, өйткені бүкіл республикамыздың территориясына Ираннан жылы ауа массасы олйысып келеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!