Елімізде коронавирусты қасақана жұқтыру фактісі тіркелмеген

14:43, 10 тамыз 2020

Қазақстанда коронавируспен ауыратын адамдардың басқаға оны қасақана жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясын қасақана жұқтыру фактілері тіркелген жоқ, - деп хабарлайды ҚР ІІМ "ҚазАқпарат" ХАА жолдаған сауалға берген жауабында.

Министрліктің мәліметінше, 10 053 полиция қызметкері карантиндік шараларды қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Жалпы республикамыз бойынша КВИ-ды жұқтырудың 99 442 жағдайы анықталды.

Бұрын бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова түсіндіріп өткендей, егер карантин режимін бұзу салдарынан басқа адамдар ауру жұқтырса, онда бұл қылмыстық заң аясында қасақана инфекция жұқтыру әрекеті деп қарастырылуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!