Елімізде коронавирустан тағы төрт адам қайтыс болды

09:32, 5 маусым 2020

Қазақстанда коронавирустан тағы төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

COVID-19 дертін таратпау туралы ведомствааралық комиссия мәліметтері бойынша, кісі өлімі келесі аймақтарда тіркелген:

Қарағанды ​​облысында - 1958 жылғы науқас,
Павлодар облысында - 1957 жылғы науқас,
Нұр-Сұлтан қаласында - 1944 жылғы науқас,
Шымкент қаласында - 1950 жылғы науқас.

КВИ тесті оң нәтиже көрсеткен науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады, делінген хабарламада.

Жалпы, республикамызда коронавирустан 52 адам қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!