Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 10 адам көз жұмды

10:17, 27 қараша 2020

Бір тәулік ішіндегі коронавирус пен пневмония бойынша кісі өлімінің статистикасы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының салдарынан 5 адам, КВИ белгілері бар пневмониядан 5 адам қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері 2013 адам коронавирустан, ал 1 тамыздан бастап 439 адам пневмониядан қайтыс болды.

Қазіргі уақытта 11 816 адам коронавирус инфекциясынан ем-дом алып жатыр, оның 781-і - балалар. Ауруханаларда 3 276 науқас, ал амбулаториялық деңгейде 8 540 науқас бар. 208 адамның жағдайы ауыр, 31-інің денсаулығының жағдайы өте ауыр деп бағаланады, 30 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бір тәулік ішінде 161 қазақстандық коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдықты, ал 73 одан емделіп, сауықты. 1 тамыздан бастап КВИ белгілері бар пневмонияның 41 756 дерегі тіркелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!