Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 444-ке жетті

09:55, 3 сәуір 2020
402

Қазақстанда 3 сәуірде сағат 09.40-та коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 444-ке жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирус инфекциясының тағы 9 жағдайы тіркелді, олардың біреуі - Атырау облысында, үшеуі - Солтүстік Қазақстан облысында, үшеуі - Түркістан облысында және екеуі - Ақтөбе облысында анықталды, - делінген жедел штаб хабарламасында.

Жалпы, республикамызда коронавирус инфекциясының 444 жағдайы расталды, 28 адам емделіп шықты, үшеуі қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!