Елімізде кәсіпкерлікпен айналысатындар азайған
Бүгінде 1 млн 100 мың шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істеп тұрса, онда 3 млн қазақстандық нәпәқасын тауып жүр. Кәсіпкерлікті дамыту туралы қанша айтқанымызбен, кедергі әлі де көп.
Мысалы, кәсіпкерге 28 мыңнан астам талап қойылса, олардың қызметін 61 ведомство қалт жібермей қадағалап отырады. Бүгін Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов кәсіпкерлікті қалай дамыту керектігін депутаттарға айтып берді.
Министрдің мәліметінше, елдегі жұмысқа жарамды халық саны 9 миллион шамасында. Соның 6,3 млн-ы жалдамалы жұмыскер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр, 447 мыңы жұмыссыз жүр. Кәсіпкерлікті дамытудың бір тетігі – арзан несие.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
-Кәсіпкерлік қызметті микрокредиттеуге жыл сайын қалалық жерде 10 млрд, ауылдық жерде 27 млрд теңге бөлінеді. Бұдан бөлек, бағдарлама шеңберінде оқытуға ерекше мән беріледі. Кез келген адам бизнеспен шұғылдана алмайды. Әлемдік статистикаға сәйкес, стартаптардың 80 пайызынан астамы 3 жылдық мерзімге дейін бара алмайды. 2017 жылы 15 мың адамды кәсіпкерліктің қыр-сырына үйретеміз, оған 1,2 млрд теңге қаржы қарастырылған.
Елімізде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,9 пайыз азайып, былтырғы жылмен салыстырғанда 71 мыңға кеміді. Бұл дағдарыстың салқыны ма, әлде ішкі фактор ма министр нақты жауап бермеді. Елімізде кәсіпкерлерге кесе-көлденең тұрар кедергілер әлі де көп.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге 28 мыңнан астам талап қойылады. Жалпы алғанда республика бойынша 61 ведомство бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады. Тексерушілер арасында салық органдары көш бастап келеді.
Министр міндетін атқарғанына бірер күнде 100 күн толатын Тимур Сүлейменов депутаттардың сауалына тек ресми тілде жауап қатты. «Алты ай ішінде ана тілін үйреніп аламын», – деп уәде еткен министрдің алда әлі үш айы бар. Депутаттар да осыны санап жүр ме, әйтеуір тым қатты шүйліккен жоқ, тіпті ақжарма тілектерін айтып шығарып салды.
Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Сіз бүгіні таңда осы министрліктің 20-шы басшысы екенсіз. Біреуі бағы жанып кетті, біреуі өзі жанып кетті, енді бірі шулатып кетті. Енді Сіздің артыңызда жақсы із қалса екен деген ниет айтқым келеді.
Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Арман Данышпаев
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 17 сәуір 2024
Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджет қаражатының заңсыз жұмсалғанын анықтады
-
22:28, 17 сәуір 2024
Астанада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
-
22:23, 17 сәуір 2024
Алматыда лай көшкіні жүріп, жолды бүлдірді
-
22:15, 17 сәуір 2024
«Бес бала уланды». Талғар ауданындағы мектептердің бірінде сырлау жұмысы жүргізілген
-
21:55, 17 сәуір 2024
Үндістаннан Қазақстанға әкелінген тырысқақ ошағының көзі жойылды