Елімізде кейбір жанар-жағармай құю бекеттері жабылуы мүмкін

11:57, 11 мамыр 2021
292

© Сурет: ia-centr.ru

Елімізде кейбір жанар-жағармай құю бекеттері жабылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан жанар-жағармай қауымдастығына сілтеме жасап, "Хабар-24" ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жанар-жағармай нарығындағы күрделі жағдайға байланысты Қазақстан жанар-жағармай қауымдастығы пікір білдірді.

Қазір Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты тоқтап тұр. Салдарынан бензин тапшылығы пайда болды. Мұны қазақстандық жанар-жағармай қауымдастығы растайды.

"Ал енді Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына кіріседі деген ақпарат бар, онда жағдай, тіптен қиындайды. Іле-шала Павлодардағы зауыт та осындай себептен өндірісін уақытша тоқтатуы мүмкін. Қазір мұнай өнімдерінің негізгі бөлігі ірі желілерге таратылып жатыр. Ал ұсақтары алып-сатарлар көмегіне жүгінуге мәжбүр. Соңғысында баға, сәйкесінше жоғары болады. Осы және өзге де себептерге байланысты еліміздегі кейбір жанармай құю бекеттері жабылуы мүмкін", - дейді қауымдастық өкілдері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!