Елімізде бір жылда 2,4 млн тонна ластаушы заттар шығарылды

11:38, 4 шілде 2022
51

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

2021 жылы ластаудың барлық стационарлық көзінен шығарылатын ластаушы заттардың көлемі 34,3 млн тонна болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3,3% аз. Оның 31,9 миллион тоннасы немесе жалпы көлемнің 93%-ы анықталып, залалсыздандырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауаны ластаушы заттардың шығарындыларының көлемі 2021 жылы елімізде 2,4 млн тонна болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1,4% аз.

Атмосфераны ластаушы заттардың барлық шығарындысының жартысынан астамы тек Павлодар және Қарағанды ​​облыстарында болды: сәйкесінше 736,2 мың және 569,7 мың тонна.

Сонымен қатар әжептәуір мөлшердегі шығарындылар Атырау (160,3 мың тонна), Қостанай (137,9 мың тонна), Ақтөбе (137,4 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (128,1 мың тонна) облыстарында да тіркелді. Бұл туралы Energyprom.kz жазды.

Атмосфераға шыққан 2,4 млн тонна ластаушы заттардың 2,1 млн тоннасы тек өнеркәсіп саласына тиесілі. Атмосфераға шығарындылардың ең көп көлемі жылу және электрмен жабдықтау сегментінен түседі: 945,2 мың тонна.

Өңдеу өнеркәсібінде шығарындылар 728,1 мың тонна болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6,5% аз. Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу – 356,6 мың тонна, бір жылмен салыстырғанда 3,7% өсті. Сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар қалдықтарды жинау, өңдеу және көму тек 47,8 мың тонна шығарындыларды құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 4,3% артық.

Өнеркәсіптік саладан басқа, ластаушы заттардың атмосфераға шығарындыларының айтарлықтай көлемі көлік және қойма кәсіпорындарынан шықты: 114,4 мың тонна.

2021 жылы атмосфераға шығарылатын газ тәрізді және сұйық ластаушы заттардың үлесі шығарындылардың 79,6%-ы немесе 1,9 млн тонна болды. Оның ішінде күкірт диоксиді шығарындыларының көлемі 835,4 мың тонна, көміртек тотығы – 473,2 мың тонна, азот оксиді – 322 мың тонна, көмірсутек – 133,2 мың тонна, аммиак – 2,8 мың тонна, күкіртті сутегі – 1,2 мың тонна болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!