Әлихан Смайылов: Ревакцинация дұрыс орындалып жатқан жоқ

© Сурет: primeminister.kz
Ревакцинация баяу жүргізіліп жатыр. Мұны Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлады Zakon.kz.
Үкімет басының айтуынша, жыл басынан бері вирус жұқтыру 1 есеге өсті. Түркістан облысы ғана "сары" аймақта. Басқа өңірлер "қызыл" аймақта. Бұл туралы 18 қаңтарда өткен үкімет отырысында баяндалды.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Қарағанды және Атырау облыстарында коронавирус жұқтырған адам көп. Ең бастысы барлық өңірде эпидемиология жағдайын қатаң бақылауда ұстау қажет. Өңірлерде қосымша шектеу шаралары да қабылданған. Енді олар нақты орындалуға тиіс. Адамдар санитарлық талаптарға неғұрлым салғырт қарау аурудың соғұрлым өсуіне әкелетінін түсінуі қажет. Сондықтан мониторингтік топтардың жұмысын барынша күшейту қажет. Вирустың таралуын азайту үшін науқастарды тез оқшаулап, адамдардың көп жиналуына жол бермеу керек. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер ауруханаларда қосымша орындар дайындауына тура келеді.Премьер-министр Әлихан Смайылов
Үкімет басшысы ПТР тест аз өңірлерге оның санын ұлғайту қажет екенін айтты. Әсіресе Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында тестілеу аз жасалған.
Сонымен бірге ол ревакцинация дұрыс орындалып жатпағанын айтып, жағдайды бақылауды Ералы Тоғжановқа тапсырды.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында ревакцинациялау қарқыны жақсарған жоқ. Демек бұл мәселені әкімдер дұрыс қарамай отыр.Премьер-министр Әлихан Смайылов
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:54, 26 мамыр 2022
Маймыл шешегі келесі пандемияны жариялауға түрткі болып жүрмей ме – ДДСҰ жауабы
-
23:36, 26 мамыр 2022
Алимент төлемей жүрген үш қостанайлық қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
22:50, 26 мамыр 2022
Молдованың экс-президенті 30 күнге үйқамаққа алынды
-
22:40, 26 мамыр 2022
Алматы маңында жер сілкінді
-
21:55, 26 мамыр 2022
Екібастұзда балаларына жақтасып, қызыл кеңірдек болған әйелдерге айыппұл салынды