Әлихан Смайылов KAZAKH INVEST директорлар кеңесімен отырыс өткізді

© Сурет: Қазақстан үкіметі
Отырыста 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы және Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы жылы "KAZAKH INVEST" қолдауымен жалпы сомасы $4,1 млрд-қа шетелдіктердің қатысумен 45 жоба пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде Ұлттық компания 1952 өтініш өңдеп, инвесторлардың қызметіне қатысты визалық мәселелер, инвестициялық преференциялар және заңнама бойынша консультациялар берген.
Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша шетел компаниялары үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды. Олардың шеңберінде салалық министрліктермен, әкімдіктермен, квазимемлекеттік сектормен, қаржылық даму институттармен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар 13 ірі инвестициялық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:56, 30 қаңтар 2023
Алматыда салонында от жағатын пеші бар көлік тоқтатылып, айыппұл тұрағына қойылды
-
20:48, 30 қаңтар 2023
Қазақстанда бір апта ішінде қанша шетелдік көлік заңдастырудан өтті
-
20:20, 30 қаңтар 2023
Еліміздің басты үш қаласына арналған алдағы үш күннің ауа райы болжамы
-
20:13, 30 қаңтар 2023
"Шарбақты шулап отыр". Павлодарда сайлау басталмай жатып, шыққан шуға әкімдік түсінік берді
-
19:35, 30 қаңтар 2023
Қапшағай тас жолында ауыр жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты