Әлемде твиндемия басталды ма

17:53, 18 қаңтар 2022
126

© Сурет: pixabay

ARS-COV-2 вирусы пандемияның жаңа сипаттамаларын тудырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропада твиндемияның басталуы немесе инфекцияның ұзақ ағымы туралы айтыла бастады. ЕО елдерінде ЖРВИ мен тұмаудың өсу қарқыны жоғарылағандықтан, сарапшылар тұмау мен COVID-19 жұқтырған пациенттердің бір уақыттағы жоғары деңгейі – ұзақ твиндемияның басталғаны туралы айтуға болады деп санайды.

"Тұмау вирусының оралуы аурудың ұзақ таралу маусымының бастауы болуы мүмкін, оның жазға дейін созылуы да ғажап емес", - деді Pasi Pentinen Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының сарапшысы.

Мамандар твиндемия Еуроодақ елдерінің covid-19 вирусына қарсы күреспен айналысатын денсаулық сақтау жүйелеріне шамадан тыс жүктеме түсіретінін атап өтті.

Ресейде коронавирусты жұқтыру қарқыны артып келеді. Өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 31 252 жағдайы анықталды.

Ең көп дерек елдің ірі қалаларында тіркелді: Мәскеуде – 8 342, Санкт-Петербургте – 4 078. Күніне аурудың салдарынан 688 науқас қайтыс болды.

Жалпы, коронавирустың таралуы басталғаннан бері Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 10,865,512 жағдайы тіркелді.

22 678 адам көз жұмды. Ресми мәліметтерге сәйкес, 76,6 миллионға жуық ресейлік коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өтті. Covid-19-ға қарсы 10,8 миллион азамат ревакцинацияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!