Электронды-сандық қолтаңбаны алу жеңілдеді

17:18, 19 қыркүйек 2018
476

Қазақстанда электронды-сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) флэш-тасымалдаушыларға жазып алу тәртібі жеңілдетілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар! Электронды-сандық қолтаңбаны алу бұрынғыдан да оңай бола түсті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жеке тұлғалар үшін ЭСҚ алу тәртібін біршама жеңілдетті», - деп жазды Мұрат Жұманбай.

Атап өтілгендей, бұдан былай ЭСҚ-ны флэш-тасымалдаушыларға жазып алу үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының порталына (pki.gov.kz) алдын ала өтінім берудің, одан кейін тұлғаны растау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

«Электронды кезектің талонымен Халыққа қызмет көрсету орталығының маманына таянсаңыз жеткілікті. Оператор сіз үшін барлық жұмысты тындырады. Электронды-сандық қолтаңбаны алу уақыты 5 минутты құрайды», - дейді Мұрат Жұманбай.

ЭСҚ-ны алу үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен usb тасымалдаушы болуы тиіс. Аталған бизнес процесс артық жұмысты болдырмауға мүмкіндік бермек.

Ал заңды тұлғалар үшін электронды-сандық қолтаңбаны алу процесі қазан айының соңына дейін жеңілдетілмек.

«2018 жылдың 8 айының ішінде «Азаматттарға арналған үкімет» фронт-кеңселері арқылы шамамен 4,5 млн ЭСҚ берілді», - дейді Мұрат Жұманбай.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!