Электронды-цифрлық қолтаңба кілттерінің мерзімі 3 жылға ұзартылды
Электронды-цифрлық қолтаңба кілттерінің мерзімі 3 жылға ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік қызметтерді алушылар тіркеу куәліктерінің (ЭЦҚ кілттері) жеке куәлік, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken, Akey сияқты қорғалған тасымалдылаушылардағы негізгі ақпарат 3 жылға дейін сақталады.
Файлдық жүйеге шығарылған ЭЦҚ кілттерінің жарамдылық мерзімі өзгермейді, яғни 1 жылға тең болып қала береді. Өйткені файлдық жүйе сертификатталғандар санатына жатпайды, әрі жабық кілттерді ұзақ уақыт қауіпсіз сақтауға мүмкіндік бермейді.
Электронды-цифрлық қолтаңба кілттерінің жарамдылығын ұзарту азаматтардың қолайлығы үшін жүзеге асырылған шара. Егер де бұдан бұрынғы уақытта мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар кілттерді «электрондық үкіметтің» порталындағы жеке кабинет арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ бөлімшелеріне жыл сайын барып мерзімді ұзартып отырған болса, ендігі уақытта ЭЦҚ-ны қайта шығару үшін үш жылда бір рет аталған бөлімшелерге баратын болады.
Естеріңізге салсақ, ЭЦҚ кілттерінің мерзімінің аяқталуына 30, 15, 7 күн қалғанда, пайдаланушының электронды поштасына (егер де ЭЦҚ кілтін алу барысында өтінімде поштасын көрсеткен болса) ЭЦҚ кілттерін қайта шығару керек екендігі туралы хабарландыру келеді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:18, 24 сәуір 2024
24 сәуірдегі Бишімбаевтың соты - тікелей эфир
-
10:12, 24 сәуір 2024
Қазақстанда «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдау мерзімі белгіленді
-
09:47, 24 сәуір 2024
Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы да көтерілді
-
09:03, 24 сәуір 2024
Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарларын сайлады
-
09:02, 24 сәуір 2024
Тоқаев ҚХА басшысының екі орынбасарын қызметінен босатты