Электро-қармақпен Іленің балығын аулап жүрген жігіт ұсталды

12:35, 20 ақпан 2020

Алматы облысы аумағында полицейлер биыл табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 162 дерегін анықтады, оның 12 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қоршаған орта мен табиғи байлықты қорғау мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы күндері облыс аумағында "Браконьер" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Арнайы шара аясында мүдделі табиғат қорғау органдарымен бірлесіп, браконьерлерді анықтауға бағытталған ауқымды шаралар қабылдануда. Жыл басынан бері браконьерлерден 22 аңшы қаруы тәркіленді. Оның 7 заңсыз сақталған, сондай-ақ екі жарым тоннадан астам балық, атып алынған 4 елік пен 1 қабан, сонымен қатар 34 су тышқаны мен әртүрлі 20 құс тәркіленді", - деп атап өтті Алматы облысы ПД Табиғатты қорғау полициясының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Қожақов.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары екі күн ішінде 41 құқық бұзушылықты анықталған. Оның ішінде заңсыз аң аулаудың 28, заңсыз балық аулаудың 10 және заңсыз ағаш кесудің 1 дерегі бар.

"Кейбір азаматтар аң-құсты аулауда айуандылық танытатын кездері болады. Атап айтқанда, жақында полицейлер түнгі уақытта Іле өзенінің жағасында заңсыз балық аулаумен айналысқан Қарасай ауданының 31 жасар тұрғынын ұстады. Күдіктінің елімізде пайдалануға заңмен тыйым салынған, 10-15 метр қашықтықтағы тірі тіршілік иелерін жаппай қырып-жоятын "электро-қармақты" қолданғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп толықтырды подполковник Е. Қожақов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!