Электр желісіне заңсыз қосылған майнинг ферма табылды

12:32, 19 қараша 2021
635

© Сурет: ҚР Энергетика министрлігі

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері ЖШС-ның біріне тиесілі майнинг фермасының заңсыз қосылғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Электр энергиясын қосудың бұл фактісіне "KEGOC" АҚ-ның "Ақмола ЖЭТ" филиалы жол берген. Майнинг тарапынан электр қуатына қосылу және тұтыну кернеуі 500 килоВольт жоғары вольтты кіші станциядан жүргізілді. Майнингтік фирма қызметін цифрлық даму саласындағы уәкілетті органды өз қызметі туралы хабардар етпей жүзеге асырған.

Комитет "КЕGОС" АҚ-ға қатысты бақылау іс-шараларын жүргізуде.

"Сұр" майнинг фермаларын электр желілеріне қосуға жол берілмейтініне және заңнамаға сәйкес әрбір факті бойынша ден қою шаралары қабылданатынына және электр энергиясы қуатының нарығы шеңберінде тиісті өндіріп алулар қолданылатынына назар аударамыз, дейді ҚР Энергетика министрлігі.

Энергетика министрлігі мемлекеттік органдармен және энергетикалық кәсіпорындармен бірлесіп, ҚР заңнамасын бұзатын "сұр" майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша жұмысты жалғастыруда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!