Елдегі белгілі зауытқа қауіп төніп тұр:Ауыл шаруашылығы министрлігі «Кублей» зауытына қатысты мәлімдеме жасады

12:13, 9 желтоқсан 2022
88

Астана. 9 желтоқсан. 7kun.kz – «Кублей» зауытына төнген қауіп елдегі ауыл шаруашылығы саласына тікелей кері әсерін тигізеді. Зауыттың проблемасы шешілмесе Қазақстанда қайта өңдеу саласы құлдырап, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі төмендейді, деп хабарлайды 7kun.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, елдегі ауыл шаруашылығы өнімі құлдырап қана қоймай, импортқа тәуелділік артып, шетелдік өнімдер қаптайды. Ведомствоның мәліметінше,  «Кублей» зауыты жабылса, БҚО мыңдаған шаруа қожалықтары зиян шешіп қана қоймай, бүкіл Қазақстан бойынша осы саланың кері кетуіне тікелей әсер етеді. Министрлік жарты ғасырлық тарихы бар өндіріс орнының елімізде алатын орны ерекше екенін атап қана қоймай, нақты шығаратын өнімдеріне зерттеу жасаған.   

 «Кублей» ЖШС – 30 жылдық тарихы бар ет, балық және көкөніс консервілерін өндіретін ірі отандық кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның ет және ет-өсімдік консервілерін өндірудегі үлесі 65% құрайды. Осылайша, бұл кәсіпорын ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар тек Қазақстанды ғана емес, оны Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға және т.б. экспорттайды. Бүгінгі таңда консервілеу зауыты 100-ден астам консервілеу өнімдерін шығарады: ет, ет және көкөніс, балық, деликатес, жеміс-көкөніс консервілері, тауық консервілері, дайын түскі ас және сүт консервілері. Оның қуаты-бір ауысымда 200 мың банка консервілер. Батыс Қазақстан облысының 3 мыңға жуық шаруа қожалығы кәсіпорынға ет жеткізеді», -деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.

Министрліктің мәліметінше «Кублей» зауыты заманауи аппараттармен толықтай жабдықталған, тәулігіне 70 тоннаға дейін консерві өнімдерін шығаратын жетекші өндіріс орны. Вице-министрдің жауабында, зауыт ет өнімдері 405 тоннаға дейін арттырғаны жазылған.

«Консервілеу зауытына деликатес консервілерін өндіру цехы, көкөніс консервілерін өндіру цехы, көкөніс қоймасы, ет консервілерін өндіру цехы, балық консервілерін өндіру цехы, сүт консервілерін өндіру цехы, тоңазытқыш камералары, шикізатты сақтау қоймалары, теміржол кірме жолдары бар дайын өнімді сақтау қоймалары кіреді. Зауыттың жабдықталуы мен инфрақұрылымы тәулігіне 70 тоннаға дейін консерві өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысында 2021 жылғы қаңтар-қазан кезеңінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет консервілерінің өндірісі 26,1%-ға (3 418 тоннадан 4 311 тоннаға дейін), ет және өсімдік консервілерінің өндірісі 46,8%-ға (405 тоннадан 595 тоннаға дейін) ұлғайды», -деді вице-министр.

Министрлік «Кублей» ЖШС зауытының басына төнген қауіп шешілмей, өндіріс орны шенеуніктердің кесірнен жабылса Батыс Қазақстан облысындағы шамамен 3 500 шаруа қожалығына кері әсерін тигізетінін ескертті. Тек шаруалар ғана зиян шешіп қоймай, ауыл шаруашылығы саласындағы отандық өнім өндіру деңгейі төмендеп, шетелден импорт қаптайды.

 «Кублей» ЖШС зауыты жабылуы ол шикізаттың жеткіліксіздігімен, ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуі төмендеуімен елдегі ауыл шаруашылығының жұмысына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар экспортқа шығарылатын тауарлар төмендеп, импорттық тауардың ішкі нарықта көбеюіне әкеліп соғады. Зауыттың жабылуының нәтижесінде 700 адам жұмыссыз қалады. Сондай-ақ отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді. «Кублей» ЖШС консервілеу өнімдерін шығаратын зауыттың өкілдері екі жыл бойы Орал әкімдігімен сот ісін жүргізуде. Кәсіпорынның өкілдерінің айтуынша, әкімдік зауыт орналасқан өнеркәсіптік аймақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын заңсыз бекіткен. Нәтижесінде осы аймақта көп пәтерлі тұрғын үйлер салына бастады. Санитарлық-қорғау аймағы тұрғын алабынан кемінде 100 метр болуы тиіс», — деп жауап берді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!