Елбасы жаңадан салынған «Түркістан-Арена» стадионына барды

14:46, 28 қыркүйек 2020
301

Елбасы Түркістан облысында бірқатар нысандарда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" АҚ қолдауымен салынған жаңа спорт нысанымен танысты. Стадионның трибуналары жеті мың көрерменге есептелген. Ашық аренаның батыс және шығыс трибуналары бар. Сонымен қатар спорттық ғимаратта акробатика, бокс және ауыр атлетика жаттығу залдары орналасқан", деп жазды Айдос Үкібай.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына қатысқаны хабарланған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!