Елбасы Түркі кеңесінің атауын өзгертуді ұсынды

17:51, 15 қазан 2019

Түркітектес мемлекеттер ұйымы. Келешекте Түркі кеңесі осылай аталуы мүмкін. Бүгін Бақуде болған саммитте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болашақта Кеңестің атауын өзгерту мәселесін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Сонымен қатар "Түркі келешегі - 2040" бағдарламасы әзірленеді. Әзербайжанда өткен алқалы бас қосудың басты жаңалығы – Өзбекстанның мүшелікке өтуі. Бұдан бөлек Елбасы Түркі әлемінің Жоғары орденімен марапатталды. Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту. Биылғы саммитте осы тақырып қаузалды. Түркі Сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды. Әлсін-әлсін бизнес форумдар өтіп тұрады. Түркі инвестициялық қорын құру бастамасы тағы бар. Оның бастапқы капиталы 700 млн доллар болады деп топшылайды сарапшылар. 2009 жылы дәл осы әзербайжан жерінде – Нахчыванда тарихи келісімге қол қойылды", - дейді телеарна тілшісі.

Осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркі кеңесі құрылды. 10 жылдың табысы түркі әлемі деген ұғымды ғана емес, тұтас түркі жұртының интеграциясын берік қалыптастырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!