Елбасы тұлғасын кеңінен ашатын суреттер көрмесі ашылды

Алматы облысының Полиция департаментінің ғимаратында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні" мерекесіне орайластырылған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасының суреттері, оның туған жерінің көріністері, оқыған және қызмет атқарған орындарда түсірілген фотолар қойылды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгінгі көрме жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл жерде Елбасының тұлғасын кеңінен ашатын, оның тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан сүбелі үлесінен сыр шертетін суреттер қойылды. Көрмені тамашалауға облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен қатар, жақын орналасқан аудандық және қалалық полиция бөлімшелерінің жас қызметкерлері шақырылды. Оларға мемлекетіміздің даму жолындағы тұңғыш Президент рөлі туралы ақпарат берілді", - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ораз Жолдасов.
Жас қызметкерлер Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысында туғанын мақтан тұтатындарын жеткізді. Елбасының өмірімен жете танысқан олар еңбек пен табандылық, асқақ арман биіктерді бағындыруға мүмкіндік беретіні туралы ой түйді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:29, 25 қаңтар 2021
Ер-балаларға әскери жоғары оқу орындары туралы айтылуда
-
18:02, 25 қаңтар 2021
Ақын, жазушы Нұржан Қуантайұлы - 50 жаста
-
17:55, 25 қаңтар 2021
Үш мас әйелдің кесірінен мейрамхананың карантинде жұмыс істегені әшкереленді
-
17:47, 25 қаңтар 2021
Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе балаларға салына ма?
-
17:40, 25 қаңтар 2021
Қазақстандағы жаппай вакцинация науқаны. Жиі қойылатын сұрақтарға жауап топтамасы
Пікір