Елбасы Сұлтан Сартаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

19:57, 13 желтоқсан 2019

Елбасы профессор Сұлтан Сартаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық танымал заңгердің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті ғалымның отбасы мен туған-туыстарына және әріптестеріне көңіл айтты.

"Сұлтан Сартайұлы отандық заң және құқықтану саласын дамытуға елеулі үлесін қосқан зерделі зерттеуші болатын. Ол мемлекет пен қоғам істеріне де белсене араласып, жауапты қызметтер атқарды. Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді", - делінген жеделхатта.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!