Елбасы Каспий жағалауымен төрт жарым шақырым жаяу жүрді

16:33, 16 қазан 2019
370

Екі күн бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Бакуге ұшып келді. Мұнда жоғары деңгейдегі кездесулер өткізіп жатқан Елбасы спортпен шұғылдануға да уақыт табуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Салауатты өмір салты Нұрсұлтан Назарбаев үшін әрқашан басты басымдықтың бірі болған. Әзірбайжан Республикасына барған сапарында Елбасы жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Каспий жағалауымен төрт жарым шақырым жаяу жүрді, - деп жазды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Елбасы Айдос Үкібай өзінің Твиттерінде.

Нұрсұлтан Назарбаев Бакуде түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне қатысуда. Саммитке қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Елбасы Түркі кеңесі атауын өзгертеуді ұсынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!