Елбасы Дональд Трамптан қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізуді сұрады

10:42, 17 қаңтар 2018

АҚШ президенті Дональд Трамппен бірлесе баспасөз мәжілісін өткізген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев америкалық әріптесінен қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізуді сұрады, деп жазады Sn.kz.

"Қазақстан америкалық азаматтар үшін визасыз режим енгізді және сіздердің тараптан осындай жауап күтетінімізді жасырмаймыз. Оның үстіне, екі ел арасында алғаш рет авиациялық байланыс ашвылғалы отыр", - деді Қазақстан басшысы Дональд Трампқа.

Мемлекет басшысы АҚШ президентін экономикалық жетістіктерімен құттықтап, алдағы ісіне сәттілік тілеуді де ұмытқан жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!