Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы тағайындалды

12:35, 18 қазан 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды", делінеді Жарлықта.

Сұлтан Қамалетдинов Бүркітбайұлы 1965 жылы 12 ақпанда дүниеге келген.

Ол 1986 жылы Ташкент жоғарғы танк командалық училищесін; 1994-1997 жылдары Бронды танк күштері әскери академиясын; 2008-2010 жылдары Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдады.

Әскери шені: генерал-майор


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!