Елбасы алдағы сайлауға партиялардың даярлық жұмысын жеделдетуді тапсырды

17:37, 16 тамыз 2019

Елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Партия бюросы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияда көрсетілген мерзімде өтететін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына партиялардың даярлау жұмысын жеделдетуге шақырды.

Бұл туралы Тwitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды. Алдында ол "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі басталғанын, оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы төрағалық етуде екенін хабарлаған.

Жиынның күн тәртібінде сайлау туралы жаңа заң аясында сайлау науқанына дайындық барысы сияқты тағы да бірқатар маңызды мәселелер де бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!