Ел азаматтары бір жолғы төлемге қосымша ақы - 21 250 теңгені ала бастады

12:52, 4 тамыз 2020

Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлемді алушы 799,6 мың алушыға қосымша ең төменгі жалақының 0,5 көлемі (бұдан әрі - ең төменгі жалақы) - 21 250 теңге тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдағы уақытта қаражат азаматтардың шоттарына аударылады.

Бұрын хабарланғандай, 2020 жылы шілдеде МӘСҚ-дан біржолғы төлем алған қазақстандықтар карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақыны автоматты түрде алады. Құжаттарды қайта тапсырудың қажеті жоқ.

- Карантин ұзартылғаннан кейін бір реттік төлемді тағайындауға бірінші рет жүгінген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі жалақы мөлшерінде немесе 63 750 теңге (42,500 + 21,250 теңге) мөлшерінде тағайындалады, - деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

4 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 142 мың қазақстандыққа аударылды.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,4 млн өтінімнің ішінде:

– 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 609,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 347,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 628,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 206,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 379 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 142 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұл ретте Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алатын 799,6 мың адамға қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) – 21 250 теңге тағайындалды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тен біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!