Екпеден соң ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік берілді

11:44, 21 қаңтар 2021

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцина салғаннан кейін ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осындай суыт хабар Facebook-те жарияланды. Онда Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылының тұрғыны вакцинадан кейін қайтыс болғаны туралы айтылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев атап өткендей, 1978 жылы туған ер адам 19 қаңтарда қан қысымының көтерілуіне байланысты қайтыс болды.

Ол ешқандай да екпе алған жоқ. Бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясына қарсы вакцина Маңғыстау облысына әкелінбеген, - деді ол.

Байтанаевтың айтуынша, вакцинаның бірінші партиясын облысқа жеткізу 2021 жылдың 28-29 қаңтарына жоспарланған.

Вакцинацияға, ең алдымен инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реаниматологияның, алғашқы медициналық көмектің, жедел жәрдем бөлімдерінің медициналық қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері қамтылатынын атап өтеміз. Қайтыс болған азамат аталған санаттардың ешқайсысына жатпайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына, сәйкес, жалған ақпарат таратқандарға 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынатынын немесе 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын еске саламыз, - дейді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!