Екпе алғандар Ashyq қосымшасында жасыл түске ие болады

14:25, 13 мамыр 2021

© Сурет: Алматы СЭБД

Ashyq қосымшасында екпе алғандардың белгісі "жасыл" түсте боялып тұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта қосымшада вакцина алған қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ.

Ashyq қосымшасын вакциналау төлқұжатымен интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Интеграциядан кейін барлық вакцина алған азаматтардың ақпаратында "жасыл" белгі тұрады. Сондай-ақ, жасыл мәртебеге ие адамдар COVID-19 (72 сағат) үшін ПТР-тест тапсырудың қажеті болмайды.

Көк түске иелер қазіргідей стандартта болады, яғни бейтарап адамдар, ПТР-тесті ковидті жоққа шығарған және ауырғандармен жақын байланыста болмаған адам болып саналады.

Қосымшадағы басқа әдістелемелер өзгеріске ұшыраған жоқ.

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бастығы Жанар Оразалина қосымшада екпе алғандардың "жасыл" түсі бір жыл бойына сақталатынын түсіндірді. Бір жылдан кейін қайтадан жасыл мәртебеге ие болу үшін қайта вакцина алу қажет пе, жоқ па, ол жағы, әзірге белгісіз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!