Экономика министрі байлыққа салық салу мәселесіне қатысты пікірін білдірді

12:23, 18 маусым 2018

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов байлыққа салық салу мәселесіне қатысты өз қөзқарасын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын бізде қозғалтқыш көлемі үлкен көліктердің салығы көтерілген болатын. Ал қозғалтқыштың көлемі үлкен болса, көліктің бағасы қымбат деген сөз. Демек, ондай адамдардан салықты көп алады. Меніңше, жер, мүлік пен көлік туралы мәліметтің бәрі ақпараттық базаларда болғандықтан, оған салық салу қиын емес. Сондықтан байлықтың салығын жалақыдан емес, жаңағы тіркелген мүліктен алу керек де ойлаймын. Бірақ оған да үлкен дайындықпен келуіміз керек. Әзірше, біз xалықаралық тәжірибені зерделеп жатырмыз. Биыл осы мәселеге қатысты нақты жоспарлар жоқ», - деді Т.Сүлейменов xалыққа есеп беру кездесуі кезінде.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!