«Екінің бірі жұмыссыз...». Сарапшы үй бағасының құнсызданатынын болжады

11:45, 13 тамыз 2020
330

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы, Біріккен Қазақстан риэлторлар қауымдастығының мүшесі Диляра Сүлейменованың айтуынша, елімізде жыл соңына қарай жылжымайтын мүліктің бағасы 10 пайызға арзандауы мүмкін, ал үлкен сұранысқа ие сегмент - жеке үй секторы мен жер телімдері болмақ, коммерциялық жылжымайтын мүліктер қаңырап қалуы ықтимал, деп хабарлайды zakon.kz.

"Пандемияға байланысты іргелі инстиуттардың болжамы көңіл көншітерлік емес. Мамандардың айтуынша, пандемия салдарынан әрбір екінші қазақстандық жұмыссыз қалуы ықтимал. Осының барлығы кез келген нарықтағы тиімді сұранысты айтарлықтай төмендететінін байқата алады. Мұндайда, тіпті төмен сыйақы мөлшерлемесі тағайындалған ипотекалық несие де жағдайды реттей алуы екіталай. Сарапшы ретінде жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның құлайды деп болжап айта аламын. Жылжымайтын мүлік нарығының әртүрлі сегменттерінде бағаның төмендеуі әртүрлі сипатта жүруі ықтимал, бірақ жыл соңында немесе келесі жылдың басында 10% -ға төмендеу болады деп ойлаймын. Ал жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарысы 2022-2023 жылдарға дейін созылуы мүмкін", - дейді ол.

Сарапшы Халықаралық валюталық қордың өзі бұл дағдарыстың салдары ауыр болатынын болжап отырғанын, мұндай жағдайда жылжымайтын мүлік бағасы қалай көтерілуі мүмкін екенін айтады.

- Карантиннен кейін ең танымал сегмент - жекеменшік үйлер мен жер телімдері болады. Коммерциялық жылжымайтын мүліктің көбісі қаңырап қалуы ықтимал, өйткені адамдар онлайн-жұмыс қағидатын көбірек меңгеріп, IT компаниялардың өнімдерін көбірек қолдана бастады (Ақпараттық технологиялар). Кейін жағдай реттелгеннен кейін де көп адам, компаниялар үнем тұрғысынан осы жұмыс тәртібінен ажырамауы мүмкін. Шамамен айтқанда, бұл бизнес-процестердің орындалуын қамтамасыз ететін жүйе, - дейді маман.

Ал қазір көп сұранысқа ие бюджеттік кластағы жылжымайтын мүлік объектілері болып табылады екен.

- Негізінен, қазір эконом-кластағы 1-2 бөлмелі пәтерлер, сонымен қатар басқа да арзан жылжымайтын мүлік объектілері, әсіресе жекеменшік үйлер мен жер телімдері, соның ішінде қала маңындағы жылжымайтын мүліктер, - деп сөзін қорытындылады ол.

Торғын Нұрсейітова


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!