Әкімнің қызметтен кетуі Жаңатастағы оқиғаға еш қатысы жоқ

17:45, 5 наурыз 2021
688

© Сурет: pixabay.com

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қызметінен босатылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде әкімнің қызметінен босатылуы Жаңатастағы өртте қайтыс болған бес баланың оқиғасымен байланыстырылып берілген.

Әкімдіктің айтуынша, бұл шешімнің ол оқиғаға ешқандай қатысы жоқ.

"Бақытжан Жақсылықовтың өз еркімен қызметінен босатуын сұрап, берген өтінішіне сәйкес бұл шешім қабылданды", - дейді облыстық әкімдіктегілер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!