Әкімдіктегілер індет ошақтарының мекен-жайы жазылған тізім жайлы хабарламаны жоққа шығарды

15:03, 19 наурыз 2020

Алматы әкімдігі WhatsApp арқылы тарап жатқан коронавирус инфекциясы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тарап жатқан хабарламада, Бағанашыл, Алтай-1 мөлтекаудандарында, Гоголь-Сейфуллин, Гоголь-Қонаев көшелерінің қилысында, "Сұңқар" тұрғын үй кешенінде коронавирус індет ошақтары бар екендігі айтылған.

Бұл жалған. Мен оны жоққа шығарамын, - деді Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.

Zakon.kz тілшісі тізімде көрсетілген мекенжайлардың бірі - Медеу ауданындағы тұрғын үйге барып-қайтты. Бұл аумақта элиталық тұрғын үй орналасқан, ол қоршауға алынбаған, басқа да бір төтенше іс-әрекеттер байқалмайды.

Қазіргі уақытта Алматыда - 19, Нұр-Сұлтанда - 25, республика бойынша коронавирустық инфекцияның 44 жағдайы тіркелген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!