Екібастұздағы әкімдік ғимаратына «бомба қойылғаны» туралы хабарлаған күдікті ұсталды

© Сурет: Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
6 желтоқсанда сағат 20:30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына бомба қойылғаны хабарлама түскен. Полицейлер жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қоңыраудан кейін бірден барлық қызметтер сол орынға барған, алайда ешқандай жарылғыш зат табылмады.
"Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ғимаратта үш қызметкер болды, эвакуация жасалды. Ғимараттан жарылғыш құрылғылар табылмады", - деді Екібастұз полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Полиция күдікті - Екібастұз тұрғынын ұстады. Ол өзінің кінәсін мойындады.
Азамат 2019 жылы осындай әрекеті үшін сотталған болып шықты.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 3 ақпан 2023
Алматы облысындағы сот ғимаратынан жарылғыш зат табылмады
-
22:27, 3 ақпан 2023
Қызылорда облысының тұрғындары екі қой ұрлап, оны сойып алған
-
21:56, 3 ақпан 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
-
21:06, 3 ақпан 2023
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар елдегі цифрландыру үдерісін дамытуға ниетті
-
21:00, 3 ақпан 2023
Жамбыл облысында Мемлекет басшысы қолөнершілер көрмесін аралап көрді