Екібастұзда 48 жастағы ер адам суға батып кетті

17:12, 20 шілде 2018

Екібастұз қаласының тұрғыны Солнечный ауылындағы су қоймасында мас күйде шомылып жүріп батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше сағат 21:59-да арнайы белгіленбеген орында суға шомылған ер адам батып кеткен. Шомылу кезінде ер адам мас күйде болған. ТЖД-нің мәліметінше, ер адамның денесін куәгерлер шығарып алып, департамент қызметкерлеріне тапсырға», - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, осымен Павлодар облысында шомылу маусымында 17 адам көз жұмды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!