Екібастұзда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген зейнеткер ұсталды

17:46, 23 қазан 2021

© Сурет: zakon.kz

Екібастұзда саябақта жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама берген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

19 қазан сағат 20.35-те Екібастұз қаласының полициясына белгісіз ер адам қоңырау шалып, қала саябақтарының бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлады.

Оқиға орнына барлық шұғыл әрекет ету күштері дереу жіберілді. Саперлер, қызметтік іздестіру итімен келген кинолог мұқият тексеру жүргізді, бірақ жарылғыш заттың іздері табылған жоқ. Жедел қызметкерлер жасырын түрде қоңырау шалған адамды анықтап, ұстады. Ол 1957 жылы туған екібастұздық зейнеткер болып шықты, ол мұндай әрекетке мастықпен барған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!